Дін істері министрлігінде жаңа басшы

0
75

Бүгінге дейін Парламенті Сенатының депутаты қызметін атқарған Дархан Аманұлы Кәлетаев Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

1972 жылғы 10 қазанда туған Дархан Калетаев Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқарудың менеджері.

Саясаттану ғылымдарының докторы. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры болып қызметтерін атқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз