Мемлекет басшысы елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында Кемеровадағы болған өрттен сабақ алу керек екенін ескертіп, сауда ойын-сауық орталықтарындағы балалар алаңдарын төменгі қабатқа салуды, сонымен қоса Республикадағы автотұрақ мәселесін шешуді тапсырды.
Елбасы:
«Автотұрақтардың дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан не жедел жәрдем машинасы, не өрт сөндіру қызметінің көліктері ғимараттарға жақын келе алмайды.
Кемеровтегі жағдайдан біз барлығымыз сабақ алуымыз керек. Қазір менің тапсырмам бойынша барлық жақта тексеру жүріп жатыр ма? Жүріп жатыр. Бір себеп туындамай, бізде ештеңе істелмейді. Барлық жерлер тексерілуі керек. Тапа-тал түсте қанша адам, қанша бала көз жұмды.
Қазір мен байқап отырмын, кәсіпкерлер өздерінде барлығы жақсы, барлығы тамаша екенін дәлелдей бастапты. Бірақ, тексеру жүргізіп, реттеу керек. Ол жерде (сауда ойын-сауық орталықтары – агенттік ескертпесі) балаларға арналған алаңдар бар. Неге ол балалар алаңдарын ғимараттың төменгі емес, ең жоғарғы қабатына орналастыру керек? Жоғарыда сауда орындары болса, балаларға арналған алаңдар төменгі қабатта болуы керек. Ол үшін құрылыс жүргізу барысында сәйкес талаптар қою керек»,
– деді.