Республикада «Қалайсың?» деп аталатын отандық жаңа мессенджер пайда болады. Бұл туралы электронды сервиске арналған ұлттық портал хабарлайды.
RS Solutions компаниясы әзірленушілерінің хабарлауында, қазіргі таңда «QALAISYŃ» пайдаланушылар мен ұйымдарда сынақтан өткізілуде.
Мессенджердің басты ерекшелігі смартфондар арасында тікелей шифрленген байланыс орнатуында. Сондай-ақ, жеке хабарламаларды басқару, видео және аудио хабарламаларды жолдау және электронды төлемдер қызметі қосылған.
«QALAISYŃ» iOS, Android нұсқалары мен web-нұсқасы да болады.