Корей Халық Демократиялық Республикасының Сыртқы істер министрі Ли Ен Хо Түркіменстанмен түрлі салаларда ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты. Бұл туралы Түркіменстан мемлекетінің Мәжіліс төрағасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ca-news.
КХДР Сыртқы істер министрі Ли Ен Хо Түркіменстан Мәжілісінің төрағасы Гүлшат Маммедовамен кездесуінде екі елде түрлі бағыттар бойынша сындарлы әріптестікті кеңейтуге ниеттілігін білдірді.
Сондай-ақ, Ли Ен Хо бастаған делегация Түркіменстан Сыртқы істер министрлігінде болып, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқыға салды.
Айта кетейік, Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі бастаған делегация Ашхабадқа келмес бұрын Әзірбайжанға іс-сапармен барды. Онда ол Біріккен емес Қозғалыс министрлерінің конференциясына қатысты. КХДР делегациясының алдағы ресми сапары Ресей болмақ.