Өзбекстан Республикасында «Жалпыға ортақ әскери міндет және әскери қызмет туралы» және «Өзбекстан қарулы күштері резервіндегі қызмет туралы» заңнамаларға өзгерту енгізіліп, әскерилердің қызмет ету және зейнеткерлікке шығу жасы ұзартылды. Бұл туралы Sputniknews-uz хабарлайды.
Енді кіші офицерлер (лейтенант, аға лейтенант, капитан, капитан-лейтенант) үшін әскердегі қызмет екі жылға — 43-тен 45 жасқа дейін ұзартылды. Аға офицерлердің барлығына (майор, подполковник, полковник, 3, 2 және 1 дәрежелі капитандарға) зейнетке шығу жасы 50 жыл деп белгіленді.
Өзбекстанда бүгінге дейін майор жәнеподполковник өқызметкерлері 3-ші және 2-ші дәрежелі капитандар 45 жаста зейнетке шығатын. Ал генералдар құрамы үшін әскери міндет мерзімі бұрынғыша қалды – 60 жасқа дейін.