Елбасы Астанадағы жаңа мешітті аралады

0
450
Ақорда

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қасиетті Рамазан айы қарсаңында елорданың Сарыарқа ауданында орналасқан жаңа мешітті аралады.

Мемлекет басшысына мешіт ғимаратындағы электр және жылумен қамтамасыз ету үшін қолданылатын мешіттің және баламалы энергия көздерінің құралдары жайында толық мағлұмат берілді.

Есіл өзенінің оң жағалауында жаңадан бастау алып жатқан Сарыарқа ауданындағы мешіттің құрылысы қайырымдылық қаражаты есебінен 2016 жылы басталған.

«Алланың гүлі» атауымен салынған мешітке бір мезгілде 750 адам құлшылық жасай алады.

Жобасы басқа мешіттерге ұқсамайтын «Алланың гүлі» заманауи символда тұрғызылған. Дәстүрлі әшекейлер мен сәндік элементтер пайдаланылып постмодернизм стилінде жасалған. Мешіттің сырттай дизайны гүлге ұқсағандықтан да «Алланың гүлі» деп аталады.

Айта кетейік, аталған мешіт «Хазірет Сұлтан» мешіті жобасының авторы Сағындық Жанболатовтың жобасымен авангард стилінде тұрғызылған. Мешіттің басты ғимаратының солтүстік жағында «калама» – «қасиетті қылқалам» түрінде жасалған мұнараның биіктігі 43,5 метрді құрайды. Мешіттің жалпы ауданы 2248 шаршы метрді құрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз