Қытай Қазақстанмен шекараны уақытша жапты

0
87

Қытай Халық Республикасы құрылғанына 68 жыл толуын мерекелеуге байланысты  Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылды. Ақпаратты Қазақстанның қаржы министрі Бақыт Сұлтанов растады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Бақыт Сұлтановқа елдің шекарасындағы жаңа электронды жүйенің қосылуы туралы баяндауды сұрады.

«Cіздің нұсқауыңызбен, 1 қазаннан бастап бүкіл республика бойынша алғашқы «Астана-1» ақпараттық жүйесін іске қостық (дәстүрлі атауы «электронды шекара»), қазір барлық транзит жаңа жүйеде рәсімделіп жатыр. Көршілес Қытай еліндегі мерекеге байланысты  Қазақстан-Қытай шекарасы жабық. Декларацияларды орындаудың орташа уақыты 16 минутты құрады – бұл ескі жүйеге қарағанда төрт есе аз», – деп мәлімдеді Б. Сұлтанов.

Атап өтсек, аспан асты елі ҚХР құрылғанына 68 жыл толуын мерекелеуде. Бұдан өзге 8 қазанға дейін созылатын демалыс күндері Қытайдың негізгі және дәстүрлі мерекелерінің бірі – Күздің орта кезі (Чжунцюцзе) тойланады. Аталған мереке биыл 4 қазанда атап өтілмек.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз