Әсет Исекешев қоғамдық көліктердегі төлем ақыға қатысты пікір білдірді

0
82
elorda.info

Астана әкімі Әсет Исекешев «Astana LRT» компаниясының әр пәтерден қоғамдық көліктерге ақы жинау туралы ұсынысын түсіндірді, деп хабарлайды «Елорда Инфо».

“1.7 АЕК (3857,3 теңге) көлеміндегі бастама пайдаланбайтын қызметтерге ақы төлеуді қарастыру түрінде қабылданбайды. Бұл өткен партиялық тыңдауларда елорданың көлік жүйесін дамытуды талқылау барысында «Астана LRT» компаниясы ұсынған идеялардың бірі ғана. Бүгінгі таңда идеялар мен ұсыныстар жинағы жалғасуда. Шешім әлі қабылданбады, сондықтан қала тұрғындарына алаңдаудың еш қажеті жоқ”, – деп мәлімдеді Ә. Исекешев.

Әкімнің айтуынша, Астананың көлік кешенін одан әрі дамытудың үлгісі бойынша жұмыстардың бастапқы кезеңі жүріп жатыр.

«Арнайы жұмыс тобы мәселені шешудің түрлі нұсқаларын талқылап жатыр. Барлық ұсыныстар сарапталғаннан кейін әкімдіктің қарауына жіберіледі», – деп түйіндеді елорда басшысы.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз