Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезекті отырысында Премьер-министр Бақытжан облыс әкімдеріне мектеп оқушыларының жазғы демалысында балалардың мейлінше жазғы сауықтыру лагерьлеріне баруын және ондағы қауіпсіздік шараларын барынша қамтамасыз етуді тапсырды.
Бақытжан Сағынтаев: Лагерьге бір бала барғысы келсе, екіншісі барғысы келмейді. Бір ата-ананың мүмкіндігі бар, бір ата-ананың мүмкіндігі жоқ. Дегенмен де, бала есіктің алдында бостан бос жүгіріп жүргенше, қисық жолға түсіп кетпей мектептің жанындағы лагерьде жүргені жақсы.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы жазғы демалыс кезінде ұйымдастырушыларға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.
Бақытжан Сағынтаев: Өңірлерде балалар демалысын ұйымдастыруға жеткілікті көңіл бөлінсін. Әкімдер, ІІМ және Денсаулық сақтау министрлігі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болсын. Бұл өте күрделі мәселе. Былтыр қанша бала суға кеткенін министр айтып өтті. Сонымен қатар, балалар лагерьлері жұмысына қоғамдық мониторды күшейту қажет.