Президент Нұрсұлтан Назарбаев жылдағы үрдіске сай Елорда күні қарсаңында қала маңындағы Жасыл белдеуде қырғауылдарды еркіндікке ұшырып, ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.
- Дерек
1997-2016 жылдар аралығында Астананың жасыл аймағы алқабы 75,1 мың гектарға дейін ұлғайды. Оның ішінде қала шетінен құрылған 14,8 мың гектар аумақ елорда әкімдігінің теңгеріміне берілді.
Қаланы желден сақтау үшін, халықтың қолайлы климатта тұруын қалыптастыру үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылдың қыркүйегінде Астана қаласының Жасыл белдеуін құру туралы шешім қабылдаған болатын. Астананың Жасыл белдеуінің жалпы ауданы 14 827 гектарды құрайды. Соның ішінде 9,6 млн ағаштар, 1,8 млн шамалас бұталар, 11 502,2 гектарды ағаш екпелер алып жатыр.
Жасыл белдеу құру елорда төңiрегiнде жасыл желектiң қалыптасуы мен жабайы жануарлардың көбеюiне ықпал еттi. Бүгiнгi күнi марал, бұлан, елiк, суыр, дала қарсақтары, ондатр, қоян және кiшкентай тышқандар мекен етедi. Ал құстардан балқарағай торғайы, сұр шiл, сұр сандуғаш, көк қарға, жасымық, шиқылдақ, мәскеу торғайы мен қырғауыл бар.
Одан басқа, қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын ұйымдастыру үшін Астананың «Жасыл белдеу» «Оңтүстік-батыс бөлік» учаскесі аумағында ұзындығы 23,2 км велосипед жолы жасалды. Биылғы жылы осы веложол кеңейтіліп жатыр.
8 жыл ішінде жұмыртқадан инкубация жолымен 9883 дарақ қырғауыл шығарылды, оның 9483-і еркіндікке жіберілген. Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Жасыл белдеуде өткен шарада 150 қырғауыл еркіндікке жіберілді. Соңғы үш жылда Елбасы Жасыл аймақта 150 қырғауылдан ұшырған болатын.