Танымал актердың бұрынғы жары Алматыда қатігездікпен өлтірілді

0
354
дереккөзден

Алматыда танымал қазақ журналисі, актер Рахман Омаровтың бұрынғы жары Гүлдерайым Омарова қатігездікпен өлтірілді. Әйелді өзінің пәтер жалдаушысы 30 жастағы Түркістан облысының тумасы өлтірген.Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Г.Омарова/@karagozsuleimenova

Соңғы жылдары Г. Омарова бірнеше қызға пәтерін жалға берген, қылмыс болатын күні пәтерақыны алуға келген. Соңында кикілжің туындап, пәтердегі тұрғындарды бірі үй иесін пышақтап өлтірген.

Ауыр жағдай Алматы қаласындағы аудандардың бірінде орын алған. Серік Құрманғалиев есімді тұрғынның сөзінше, оған бір жігіт жүгіріп келіп, көмек сұраған. «Ол айғайлап, пәтерде біреудің өліп жатқандығын айтты. Кейіннен өлген адам жігіттің анасы екендігі айқындалды. Пәтерде әйелдің қанға бөккен заттары көзге шалынды, әйелдің тамағына және арқасына пышақ сұғылған, сұлаған қалпында үйдің балконында жатты. Үйде бірнеше қыз болды, бірақ, әйелді нақты кім өлтіргендігі белгісіз», – дейді тұрғын.

Қаза тапқан үй иесінің ұлы Досхан Кәкімов қылмыс болатын күні өзіне анасымен кездеспек болған туған әпкесі хабарласқан екен. «Бірақ анам үйден ұзақ уақыт шықпай қойды, содан кейін анам маған хабарласып, пәтерді тексеруімді сұрады. Пәтерге мен бірнеше сағат өткеннен кейін келдім. Үйге кіргенімде бәрі қалыпты сияқты көрінді. Пердені ашып қалғанымда қанға бөккен анамды көрдім, сол сәтте маған пәтердегі тұрғындардың бірі пышақпен тұра жүгірді», – дейді қаза тапқан үй иесінің ұлы Досхан Кәкімов.

Далаға жүгіріп шыққан жігіт айналасындағылардан көмек сұраған. Айғайға назар аударған жұрт бірден полиция шақыртқан. Сол сәтте күдікті өз-өзіне қол жұмсамақ болып, мойнына жіп байлап, үшінші қабаттан секірмек болған, дегенмен, ойлағаны жүзеге аспады.

Полиция берген ақпарға сәйкес, күдікті оңтүстік астанаға бірнеше ай бұрын табыс табу мақсатында келген. Азық-түлік дүкендерінің бірінде жұмыс істеген.

Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек кісі өлтірді деген күдікпен С есімді азаматша қаамуға алынғандығын хабарлады. «Күдікті аталған пәтерде тұрған. Қазір ол қамауға алынды», – дейді С. Әзірбек.

Г. Омарованың артында үш баласы қалды, олардың екеуі кәмелет жасына толмаған.

Рахман Омаров – Ғ. Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық жасөспірімдер театрының актері, ұзақ жылдар қатарынан той жүргізу ісімен айналысады

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз