Астана қалай бас қала болды?

0
831

Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы ретінде биыл Астана жұрты шаһардың 20 жылдығын тойлап жатыр. Азды-көпті бұл уақытта атқарылған жұмыс та аз емес. Ерен еңбек пен қыруар қаржының арқасында арқа төрінде Астанадай әсем қала бой түзеді. Төменде елорда жайында жазылған қысқа да қызықты мәліметтерді оқи отырыңыз.

1830-шы жылдары Есіл өзенінің жағасы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі салынды. Шаһар Орталық Азия мен Батыс Сібір арасындағы сауда-саттықта әскери пост ретінде маңызды рөл атқарды. 1863 жылы 16 шілдеде Ақмола қаласы аймақтық қала болып ресми түрде бекітілді. 1960 жылдың желтоқсанында Ақмола Қазақстанның барлық тың игеретін облыстарының орталығы болып жарияланды.

Оның түпнұсқа атауы Акмолинск болды. Қазақ тілінде «Ақмола» сөзі «қасиетті орын» дегенді білдіреді, ал қолданыста тек «мүсінді ақ тас» деп аударылып жүр.

1961 жылы Совет басшысы Никита Хрущев қала атауын Целиноград деп ауыстырды. Оның бірден бір себебі сол уақытта Целиноград Орталық Азиядағы ең үлкен астық өндіруші мекен болған.

1991 жылы тәуелсіздік алған соң қала аты қайтадан Ақмола деп аталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бас қаланы оңтүстіктегі Алматыдан Қазақстанның географиялық орталығы Ақмолаға ауыстыруды көздейді.

1998 жылы Ақмола қаласы президент бұйрығымен еліміздің бас қаласы ретінде жарияланды. Келесі жылы атауы Астана боп өзгертілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз