Ертең елордада Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды Елорда Инфо.
Орталықтың мәліметінше, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі 2017 жылдың 12 қазанында сағат 10:00-13:00 аралығында «Жастар» сарайында өтеді.
Жәрмеңкеде Ұлттық биотехнология орталығы, Ұлттық мұражай, № 1 қалалық емханасы, «Элара-Астана» ЖШС, «Каздорпроект» ЖШС, «Апрель 2030» ЖШС сынды басқа да 40-қа жуық жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды қабылдауға ұсыныс бермек. Атап айтқанда, жұмыс берушілер мекемелер кіші ғылыми қызметкер, лаборант, медбике, экспедитор-жүргізуші, күзетші, өнер және мәдениет мамандары және т.б. барлығы 250-ден астам бос жұмыс орындарды ұсынады.