21 шілдеден бастап елордадағы қоғамдық көліктерде дифференциалды тариф енгізіледі. Жолаушылардың қоғамдық көлікте шығып-түсуіне де өзгерістер енгізілді.
“Астана LRT” таратқан ақпарға сәйкес, жаңа талап бойынша, екі немесе одан көп есігі бар қоғамдық көліктерге жолаушылар алдыңғы есіктен кіретін болады. Ал түсерде алдыңғы есіктен өзге есіктерден шығады.
Қоғамдық көліктің орталық есігін мүмкіндігі шектеулі және қоларбасы бар жолаушылар қолданады.
Жолаушыларға аталған жаңа талаптарды кондукторлар түсіндіруге міндетті.
21 шілдеден бастап елордадағы қоғамдық көліктерде картамен төленетін жолақысы 90 теңге, картасыз төленетін төлемақы 180 теңгені құрайды.