“Қазгидромет” РМК 28-30 шілде аралығындағы ауа-райы болжамын хабарлайды.
Қазақстанның солтүстік аймақтарында 29 шілдеде өткінші жауын-шашын жауғанымен, 25-30 градусқа дейін ауа температурасы көтерілуі ықтимал.
Елдің оңтүстік-батыс аймақтарында термометр көрсеткіші 40-42 градусқа дейін көтеріледі.
Қазақстанның шығыс бөлігінде циклон биіктігі сақталады, салдарынан ылғалды және салқын ауа тұрады, өткінші жауын күтілуде, бұршақ жаууы ықтимал, жел күшейіп, ауа температурасы ауытқиды.