Құрбан айт намазының уақыттары

0
333

2018 жылдың 21 тамызы – Құрбан айттың бірінші күні. Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақыты төмендегідей:

1. Астана қаласы – 07:00

2. Алматы қаласы – 07:00

3. Алматы обл. – 07:00

4. Ақтөбе – 07:00

5. Ақмола – 07:00

6. Атырау – 07:30

7. Ақтау – 07:15

8. БҚО – 07:15

9. Жамбыл – 07:00

10.Қарағанды – 06:30

11.Қостанай – 08:00

12. Қызылорда – 07:30

13. Шымкент – 07:00

14. Талдықорған – 07:00

15. Павлодар – 07:00

16. ШҚО – 07:00

17. СҚО – 07:00

18. Семей – 07:00

19. Жезқазған – 07:00

20. Түркістан облысы – 07:00

Құрбан (араб тілінде) – «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – Алла Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен Құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.

Құрбан шалудың уақыты

Құрбан шалудың уақыты Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айтың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Үзір себептерге байланысты Құрбан айт намазына бара алмай қалған адамның, намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін құрбанын шала беруіне болады. Пайғамбарымыздан (с.а.у) құрбан шалудың уақытына байланысты бірнеше хадис риуаят етілген. Бәрә ибну А’зибтің риуаяты бойынша: «Алла елшісі (с.а.у) «Біздің бұл күнде алғашқы жасайтын – ісіміз намаз оқу, сосын қайтып келіп, құрбанымызды шалу. Кім осылай істесе біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбанын шалатын болса, бұл құрбанының отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Бұның құрбан болуы мүмкін емес». Басқа бір хадисте: «Кімде-кім намаздан бұрын құрбанын шалса, қайтадан шалсын», – деп, намаздан бұрын шалынған малдың құрбандыққа есептелмейтінін ескертеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз