Қарт адамға ең көп құрмет қай елде көрсетіледі?

0
328

Orb Media жүргізген зерттеуге сәйкес Өзбекстан мен Мажарстан егде жастағыларға ең көп құрмет көрсететін елдер деп танылды. Зерттеуге әлемнің 101 елінен 150 мың адам қатысты.

Аталған екі елден кейінгі орынға Түркия, Румыния, Қазақстан, Пәкістан мемлекеттері жайғасты. Бүгінде әлем халқының 8,3 пайызы егде жастағылар. Бұл көрсеткіш 2050 жылға қарай 15,8 пайызға жетеді деген болжам бар.

Украина, Албания және Жапония елдерінде үлкенге құрмет көрсету өте төмен деңгейде.

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сүйенсек 57 мемлекеттегі 60 пайыз қарияға құрмет көрсету өте төмен деңгейде. Бұл елдерде егде жастағылар қоғам үшін тиімсіз, отбасында артық деп есептеледі. Көп елдерде үлкеннің ақылы мен тәжірибесі бағаланбайды.

Кейбір зерттеулерге сәйкес жастар мен қарт адамдардың арасындағы позитивті байланыс үлкенге деген құрметтің жоғарылауына септігін тигізеді-міс.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз