Конституция мерекесіне орай елордасы Астанада бірқатар шаралар жоспарланған. 30 тамызда қалалық әкімдік алдында мерекелік кеш өтеді. Мерекелік кешке отандық эстрада жұлдыздары қатысады. Кешке ниет білдірген кез келген қала тұрғыны мен қонақтары қатыса алады, мерекелік концерт сағат 18.00-де басталып, 23.00-ге дейін жалғасады.
Конституция күніне арналған концерттік бағдарламалар «Думанды Сарыарқа» бағдарламасы шеңберінде Астана маңындағы барлық кенттерде жалғасын табады. Танымал орындаушылар, би және музыкалық ұжымдар, елордалық қуыршақ театрының артистері, бойшаң қуыршақтар, аниматорлар, және цирк артистері қала маңындағы 10 тұрғын алабында, атап айтқанда, Пригородный, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар, Өндіріс, Железнодорожный, Үркер, Көктал, Промышленный және Казгородокта интерактивті және қызықты ойын-сауық өткізеді. Концерттерді сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін тамашалауға болады.
1 маусымнан бері қала маңында ұйымдастырылып жүрген «Думанды Сарыарқа» концерттері 2 қыркүйекке дейін жалғасады. Шаралар ашық алаңдарда және тегін өткізілуде.
Бұдан өзге Сәкен Сейфуллин атындағы музейде ҚР Конституциясы күніне арналған «Ата заң – азаттықтың алтын арқауы» атты көрме ашылды. Экспозиция сағат 10:00-нан 18:00-ге дейін өтеді және 31 тамызға дейін жалғасады. Сонымен қатар, «АЛЖИР» музейінде және Тәуелсіздік сарайында да тақырыптық кештер өтеді.
Бұдан басқа, 29 тамызда Конституция күніне орай «Барыс Арена» мұзайдын сарайында «Астана Дауысы» екінші жыл сайынғы халықаралық фестивалі өтеді. Астана әкімдігінің мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастыратын шара аясында әлемнің түрлі мемлекеттерінің қазіргі заманғы музыка орындаушыларына мүсіншелер табыстау салтанаты өтеді.
Сахна төрінде Грузия, Швеция, Латвия, Молдова, Армения, Өзбекстан, Украина, Ресей және Қазақстанның музыкалық рейтингтерде көш бастаған артистері өнер көрсетеді. Биыл Astana Dausy фестиваліне Ninety One, Ерке Есмахан, «Евровидение-2012» байқауының жеңімпазы Loreen, Интарс Бусулис, DoReDos, СЕВАК, Согдиана, ALEKSEEV, Григорий Лепс, Ани Лорак және Филипп Киркоров қатысады.
Осы жылы Конституция мерекесіне демалыс күндері 30-31 тамыз.1,2 қыркүйек сенбі, жексенбі күндеріне тұспа-тұс келеді. Осылайша, қазақстандықтар Конституция күніне төрт күн демалады.