Астанада көмір тапшылығы жоқ – әкімдік

0
184
дереккөзден

19 қыркүйекте Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов елордадағы көмір қорының жай-күйін тексерді. Әкім қатты отын жұмысын жүзеге асыратын бірқатар орындарда болып, күнделікті келіп түсетін көмір қорына қатысты есепті тыңдап, халық арасында көмір жетіспеушілікке  қатысты дау-дамай тудырмауды нұсқап, нақты тапсырмалар міндеттеді.

Астана қаласы әкімдігі таратқан ақпарға сәйкес, Жұбанов 35 көшесінде орналасқан көмір алаңына барған әкімге көмір сатуды жүзеге асыратын қызметкерлер күн сайын 10 вагон Шұбаркөл көмірі, 5 вагон Майқұба көмірі, 3 вагон Қаражыра көмірі келіп түсетіндігін мәлім етті. Қызметкерлер көмір алушылар кезекте тұрған сәтте қасақана шу шығармаса, тұтынушыларға уақытында қызмет көрсету мүмкін болатындығын алға тартады. “Көмір бәріне жетеді, бұл тұрғыда мәселе жоқ”, – дейді қызметкерлер.

Атап өтерлігі, 19 қыркүйекте мерзім бойынша қорда тұрған көмір 7 951 тоннаны құрайды. Бұдан өзге 7-12 қыркүйек аралығында елордаға 197 вагон көмір келіп түсті (13250 тонна).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз