Биыл суға шомылу маусымында 300 адам қайтыс болды

0
144

Биыл суға шомылу маусымында 90 бала көз жұмды. Ал, қаза тапқандардың жалпы саны 300 адамға жетіп отыр. 24.kz хабарлауынша бұл тізімде Алматы облысы көш бастап тұр.

Алматы облысында маусым басталғаннан бері 51 адам қаза болды. Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, адамдар көбіне өз күшін толық бағаламай ажал құшады екен. Балық аулау кезінде қарапайым ережелерді сақтамағандықтан да қайғылы жағдайға душар болады. Ал бүлдіршіндердің көбі қараусыз қалғандықтан көз жұмады екен. Юрий Ильин, ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары:

“5 жасқа толмаған балалар көбіне ата-ана қарауынсыз қалып, суға кетіп жатады. Тіпті, жер үйлердің жанындағы арықтар мен қалдық су жиналатын орындарға құлап кетіп, қаза тауып жатыр. Біз бірлесіп осындай жайттардың алдын алуымыз керек. Ал өрт салдарынан былтыр қаза тапқандардың саны 187-ге жеткен. Тағы 300 адам жарақат алған. 80-ге жуық адам улы газдан тұншыққан”.

Сондықтан мамандар биылғы жылу маусымында сақ болуды ескертеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз