Елордаға үш күнде 5 мың тонна көмір жеткізілді

0
175

21-24 қыркүйек аралығында Астанаға 81 вагон, яғни 5646 тонна көмір жеткізілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана әкімдігі қатты отын нарығына күн сайын мониторинг жүргізіп, қадағалауда ұстап отыр.  «i-Көмек 109» жедел әрекет ету орталығында жедел желі жұмыс жасауда, онда көмірдің қайда және қаншаға сатылып жатқаны туралы ақпарат алуға болады.

Үш күнде Астанаға 5 мың тонна қатты отын жеткізілді. Осы жеткізілген отынның жартысынан көбі қала тұрғындары ішінде сұранысқа ие Шұбаркөл көмірі. Ал жалпы алғанда 21-24 қыркүйек аралығында Астанаға 21 вагон көмір жетті.

Олардың ішінде:

–  Шұбаркөл 51 вагон немесе 3562 тонна;

– Майкөбе 24 вагон немесе 1664 тонна;

– Қаражыра 6 вагон немесе 420 тонна;

Көмір бағасы: Шұбаркөл – бір тоннасы 13500-14500 тг

Қаражыра – бір тоннасы 14000 тг

Майкөбе – бір тоннасы 12000-12500 тг

Богатырь көмірі – бір тоннасы 8500-9500 тг

Ал 21 қыркүйек күнгі ақпаратқа сай көмірдің жалпы қоры 7755,2.  Айта кетейік, Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз