Сергек бейнебақылау камераларының көмегімен 260 мың құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы 25 қыркүйек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі ітер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.
Барлық жол-көлік оқиғаларының 70 пайызы жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанымен байланысты. Полиция қызметкерлері бүгінге дейін 2,2 миллион жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеген. Жол ережесін бұзған жүргізушілер 8,9 млрд теңге көлемінде айыппұл төлесе, 22 мың жаяу жүргіншілерге айыппұл салынды. 2,2 мың адам әкімшілік қамауға алынды.
Министр өңірлерде елордадағы сында жол қозғалысы ережелерін бақылауға алатын бейнебақылау камераларын белсенді енгізу керек екенін еске салды.
Айта кетейік, елорданың 400-ден астам қиылыстары мен 300 линийлық жолдар “Сергек” бейнебақылау камераларымен қамтамасыздандырылған.
Министрдів айтуы бойынша жыл басынан бері Астанада қаржылай мөлшері 700 миллион теңгені құрайтын 260 000 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.
Қалмұханбет Қасымов ҚР Ішкі іртері: Нәтижесінде, жазатайым оқиғалардың саны 20 пайызға, қаза тапқандардың саны 50 пайызға азайған. Сонымен қоса, (Сергек камералары орналастырылған аймақта) жол көлік қозғалысын бақылайтын қызметкерлердің де саны қысқарды.
Айта кетейік, жақын арады “Сергек” бейнебақылау камералары Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында енгізу жоспарланып отыр.