Астана полицейлері ерекше челлендж бастады

0
114
Сурет: Қазақпарат

Елордалық тәртіп сақшылары ерекше челлендж бастады. Челлендж бойынша полиция қызметкерлері кеудені жерден 10 рет көтеруі тиіс.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянинаның әлеуметтік желіге жүктеген челлендж видеосында үстіне оқ өтпейтін кеудеше киген полиция қызметкерлері ЭКСПО-2017 кешені аумағында кеудені жерден көтеру жаттығуын жасады. Тіпті, бір полицейдің мұндай жаттығуды арқасына қыз отырғызып жасағанын байқауға болады.

«Бастама мақсаты – дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын насихаттау. Полиция үшін спорт – кәсіби қызметтің маңызды құрамдас бөлігі. Қызметкерлердің дене дайындығы алға қойылған мақсаттарды тиімді орындауға және жұмысқа қабілетті сақтауға мүмкіндік береді», – дейді Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковингі Рүстем Шәрібаев Қазақпаратқа берген сұхбатында.

Айта кетейік, Астана полиция қызметкерлері эстафетаны Алматы қалалық ІІД полиция қызметкерлеріне жолдады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз