Ауыл шаруашылық министрлігі картоп бағасының өсу себебін түсіндірді

0
59
ашық дереккөзден алынды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі картоп бағасының көтерілу себебін түсіндірді. Бұл туралы аталған ведомства хабарлайды.

Жедел деректер бойынша 2017 жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша егіс алқабының 99,8 пайызы яғни 3,5 миллион тонна картоп жиналды, бұл 2016 жылғы жалпы өніммен деңгейлес.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері бойынша, 2016 және 2015 жылғы жалпы түсім жылына 3,5 млн.тоннаны құрады.

«Өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда, өндірушілердің баға өсімі 8,9% құрады, бөлшек саудада – 22% болды. Алайда, Өзбекстаннан сұраныстың төмендеуіне қарамастан, картоптың бөлшек бағалары өсіп, баға индексі 1 – 17 қазан аралығында 118,7 пайызды құрады. Жоғарыда аталғандарды есепке ала отырып бағаның өсуі тек бөлшек  саудада ғана байқалады, бұл нарықтағы жасанды спекулятивтік бағаның өсуіне әкелді», – деп мәімдейді ауыл шаруашылығы министрлігі.

Статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылдың маусым, қыркүйек айлары аралығында өндірушілердің бағасы киллограмына 49 теңге деңгейінде тұрды, ал бөлшек сауда бағасы 162 теңгеден 99 теңгеге дейін төмендеді. 2016 жылдың сол кезеңінде өндірушілердің бағасы 47 теңгеден 45 теңгеге дейін төмендеді, бөлшек баға – киллограмына 106 теңгеден 81 теңгені құрады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз