Павлодар облысының Ертіс ауданында бесінші алтыншы сынып оқушылары латын әліпбиінің жаңа жобаларын қолдана отырып, қазақ тіліне диктант жазды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Нұргүл Сұлтанова «Латын графигіне жазамыз» акциясының аясында диктанттың, біріншісі 25 әріптен, екіншісі 32 әріптен тұратын екі нұсқасын ұсынды.
«Тақтаға қолдануға болатын әліпбидің үлгісін іліп қойдық. Бұл нақты тақырыпсыз сөздік диктант болған. Әліпби әлі қолданысқа еніп, үйретілмегендіктен ең жеңіл сөздерді таңдап алдық. Диктантқа мұғалімде де қатысты. Десе де біз қатысушыларды бағалаған жоқпыс. Олар бір-бірінің қателерін өздері тексеріп түзетті»
Оқушылар сынып сағатында латын әліпбиінде қазақша диктант жазудан бөлек латын әліпбиінің графикасымен де танысты.
Жадыра Аманбайқызы