Республикада жаңа жылға дейін және жаңа жылдан кейін жанар-жағармайдың бағасы өспейді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозумбаев кезекті Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.
Республикада АЙ-92 маркалы бензиннің литрі 155,9 теңгені құрайды. Бұл көршілес шет мемлекеттермен салыстырып қарағанда елде АИ 92 маркалы бензиннің литрі Өзбекстаннан 109,1 теңгеге, Ресейден 77,1 теңгеге, Қырғызстаннан 78 теңгеге арзанырақ. Сондай-ақ дизел отынының литрі орта есеппен 192,6 теңге.
Қазақстанда мұнай өндіру көлемі үш ірі жоба бойынша 44,3 миллион тоннаға артып, Қашағанда 10,7, Теңізде 23,4, Қарашығанақта 10,1 миллион тонна мұнай өндірілді. Мұнай экспортының көлемі 60 миллион тоннаға жетті. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,6 пайызға артқан. Мұнай өңдеу көлемі 13,5 миллион тоннаны құрады. Нарықтағы ішкі мұнай өндірісінің жағдайы тұрақты. Бүгінде жанар-жағармай тапшылығы жоқ.
Энергетика министрі сондай-ақ елде бензин мен мұнай тапшылығы жоқ екендігін хабарлады.