Оқи отырыңыз: NASA ұшырған аппарат Марсқа қонады
5 мамырда Жерден ұшқан америкалық InSight ғарыш кемесі Қызыл ғаламшар бетіне сәтті қонды. Трансляция NASA сайтында жүргізілді. Аппарат Марс бетіне 2018 жылы 26 қарашада әлемдік уақыт бойынша сағат 19.53-те қонды.
“350 келі салмағы бар құрылғы Марс ғаламшарына сағатына 20 мың шақырым жылдамдықпен келді. Жайлы қону үшін аз уақытта жылдамдығын 10 есе азайтты. Осы уақыт ішінде аппараттың жылу панельдері мың градус Цельсийге дейін қызды”, – дейді Meduza тілшісі.
Tengrinews.kz хабарлауынша, 720 күнге есептелген миссияның міндеті Қызыл ғаламшардың ішкі құрылымын және оның тереңдігінде болатын геологиялық процестерді зерттеу. Модульге орнатылған электрмеханикалық бұрғылау машинасы бес метр тереңдікте жерді қазу керек. Бұған дейін ғарыш аппараттары осындай тереңдікке еніп көрмеген. Ғалымдар Марс бетіндегі жылудың қалай таралғанын және оның сыртқы қабығының, мантия және ядросының құрылымын зерттеуді жоспарлап отыр. Олар миссия барысында су қабатын анықтауы мүмкін.