Тәуелсіздік күні мейрамы қарсаңында елорда тұрғындары сақылдаған сары аязға қарамастан Есілдің жағалауында мерекелік отшашуды тамашалауға жиналды.
Сағаттар бойы еліміздің Егемендігінің 27 жылдық мерейтойын атап өтуге жиналған халық мәз-мейрам, шат-шадыман күйде. Бүлдіршіндер шанамен сырғанап, ересектер де балаға ілесіп балаша қуанышқа бөленген күйлерін байқайсыз .
Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан демалыс күнге сәйкес келгендіктен мерекелік демалыс 17-18 жалғасады.