Qazaqstan телеарнасы аймақтық арналардың атауын өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алдағы уақытта барлық аймақтық телеарналар меншікті атаулары мен түстерін жаңашалайтын болады.
Бұрынғы атаулары сынды «Қазақстан-Павлодар», «Қазақстан-Қарағанды», «Қазақстан-Шымкент» емес, латын әрпіндегі ERTIS, SARYARQA және ON’TU’STIK сияқты атауларға өзгеретін болады.
Басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Барлық арналардың логотиптеріне өзгеріс енгізіп, әр өңірдің өзіне ғана тән табиғи-географиялық атауларын қолдануды жөн көрдік. Жаңа маусым аясында аймақтық телеарналарда бірқатар жаңа бағдарламалар шыға бастады. Студиялардың дизайны жаңарып, әр түрлі жобалардың саны артты. Жалпы, бұл бастама аймақтардағы телеарналарға жаңа леп, жаңа серпіліс қана беріп қоймай, қазақ телевизиясының заманауи үрдістерге бейімделіп, әрі қарай дамуына жол ашады» -деп мәлімдеді.
Аймақтық телеарналардың жаңа атаулары:
- «Қазақстан-Қызылорда» – QYZYLORDA
- «Қазақстан-Петропавл» – QYZYLJAR
- «Қазақстан-Қарағанды» – SARYARQA
- «Қазақстан-Ақтөбе» – AQTO’BE
- «Қазақстан-Атырау» – ATYRAY’
- «Қазақстан-Орал» – AQJAI’YQ
- «Қазақстан-Тараз» – JAMBYL
- «Қазақстан-Көкшетау» – KO’KS’E
- «Қазақстан-Павлодар» – ERTIS
- «Қазақстан-Ақтау» – MAN’G’YSTAY’
- «Қазақстан-Өскемен» – ALTAI’
- «Қазақстан-Семей» – SEMEI’
- «Қазақстан-Қостанай» – QOSTANAI’
- «Қазақстан-Шымкент» – ON’TU’STIK
Жадыра Аманбайқызы