Сенбі-жексенбі, мереке күндері және ауыстырылған демалыс күндерін есепке алғанда қаазқстандықтар 2019 жылы жалпы есепте 119 күн демалады. Бұл туралы электронды үкіметтің сайтында жарияланды.
“Қазақстанадағы мереке күндері туралы Заңның” 5 бабына сәйкес, жексенбі мен мереке күні сәйкес келсе, жексенбіден кейінгі келесі жұмыс күні мерекелік демалыс күні болып есептеледі.
2019 жылы ең ұзақ демалатын мереке күндері төменде:
Наурыз мерекесіне 5 күн – 21 наурыздан 25 наурызға дейін (23 наурыз сенбіге келетіндіктен, мерекелік демалыс күні 25 наурызға ауыстырылады);
Тәуелсіздік күніне 4 күн – 14 желтоқсаннан 17 желтоқсанға дейін;
Жеңіс күніне 4 күн – 9 мамырдан 12 мамырға дейін (демалыс күндері ауыстырылған);
8 наурызға 3 күн – 8 наурыздан 10 наурызға дейін ;
Астана күніне 3 күн – 6 шілдеден 8 шілдеге дейін (Астана күнін мерекелеу 6 шілдеден (сенбі )8 шілдеге (дүйсенбі) ауыстырылды);
Конституция күніне 3 күн – 30 тамыздан 1 қыркүйекке дейін;
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 3 күн – 30 қарашадан 2 желтоқсанға дейін (1 желтоқсан жексенбі, сондықтан 2 желтоқсан дүйсенбі мерекелік демалыс күні деп есептеледі).