Елорда төрінде оныншы мешіт ашылды

0
373
фото: ҚМДБ

«Алматы» ауданындағы Ғабиден Мұстафин көшесінде жаңа “Ақ мешіт” мешіті ашылды. Бұл елорда төрінде бой көтерген оныншы мешіт.

Ақ мешіттің ашылу рәсіміне арналған игі шараға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қатысты.

«Ақ мешіт» елордада орналасқан басқа да мешіттер сынды құрылысымен, сәулетімен ерекшеленеді. Ғимарат толығымен ақ мәрмәрмен көмкерілген.

Жаңадан бой көтерген «Алланың үйінде» бір мезетте 1200 адам құлшылығын өтей алады.

Құрылыстың бірегейлігі мұнаралардың санында. Мешіттерде дәстүр бойынша төрт мұнара болады. Архитекторлардың сызбасы бойынша жаңа мешітте екі мұнара бірақ, үш түрлі стильдегі секциялардан тұрады. «Ақ мешітте» бір мезетте 1200 адам құлшылығын өтей алады. Мешіт жанында салынған медресе 75 адамға арналған. Мешітте ерлер мен әйелдер арналған намаз залы, неке қию бөлмесі, мәжіліс залы, Құран оқуға арналған бөлме, мейрамхана және мәйітхана бар.

Медреседе сабақ өтетін 9 аудитория, оқушылар мен оқытушылардың тұруына арналған 28 бөлме бар.

Сонымен қатар, мұнда кітапхана, жаттығу залы, жеке асхана, медициналық пункт, шаштараз және киім жуу бөлмесі бар. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз