2018 жылы қазақстандықтар жоғары сұранысқа ие 15 мың мемлекеттік тіркеу нөмірлер белгісін сатып алған.
“Нарықтағы белсенділіктің өсуімен қатар, екінші тоқсаннан бастап мемлекеттік нөмірлерге қайта тіркеу ретінде G, I, J, Q жаңа әріптеріне ақылы комбинациялар енгізілді. Жалпы жыл қорытындысы бойынша жалпы сомасы 4 млрд теңгені құраған жоғары сұранысқа ие 15 мың мемлекеттік нөмір белгісі сатылған”, – деп хабарлайды қазақ автокөлік Ассоциациясы.
Ассоциация ақпарына сәйкес, 2018 жылы 2017 жылдан қарағанда әкімшілік полиция органдарымен 1 194 254 автокөлік есепке қойылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,8%-ға көп.