Инспектордың өліміне себепші күдіктілердің фотосы жарияланды

0
164
Фото: ІІМ

“Охотозоопром” Өндірістік бірлестігі МҚКК (мемлекеттік қазыналық-коммуналдық кәсіпорны) инспекторының өліміне себепші браконьер күдіктілердің фотосуреті жарияланды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлайды.

Қылмыс 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданында орын алған еді. “Охотозоопром” инспекторлары 18 сағат бойы рейд жасап, бес атылған киіктің өлігін тапқан. Ізіне түсу барысында Toyota Land Cruiser маркасындағы екі автокөлік табылды, екеуінің де тіркеу нөмірі болмаған, көліктің біреуін тоқтату мүмкін болды. Көлікті тексеру барысында әлдекімдер қарсылық танытқан. Салдарынан бір инспектор сұғылып, тілінген жара алып, жағы сынған, екінші инспектор бас-ми жарақатынан кейін ес-түзсіз жатқан, алайда дәрігерлерге оны құтқару мүмкін болмады. Кейіннен жарақат алған инспектор Ерлан Нұрғалиев ауруханада жан тапсырды.

Кешенді тергеу жұмыстары нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар үш күдіктінің фотобейнесі жасалды. Күдіктілерге мемлекетаралық іздеу салынды.

Фото: ІІМ

Қазіргі уақытта күдіктілерді іздеу шаралары жүріп жатыр. Полиция күдіктілерге қатысты бір ақпар айқын болса, 8(7212)429204, 429190, 429025, 429026 немесе 102 телефонына хабарласуды сұрайды.

 

Safina Ahtay

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз