Заңсыз такси жүргізушілері жауапқа тартылады

0
137

Алматы қалалық полиция қызметі бір күн ішінде салық органдарына тіркелмей, жолаушы тасып жүрген 17 жүргізушіні тапты. Барлық жүргізушіге 10 күн ішінде өз еркімен жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге рұқсат берілді. Бұдан бас тартса, іс материалдары сотқа жіберіліп, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлады.

“Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 463-бабына сәйкес салық органдарына тіркелмей, жеке кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғаларға 15 АЕК (37 875 теңге) айыппұл салынып, мүлкі тәркіленуі мүмкін”.

 

 

Салық органдарына тіркелу үшін азаматтар жеке куәлігімен ХҚКО-ға баруы керек. Жеке кәсіпкерлер салық ретінде табысының 1%-ын төлейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз