“Қазгидромет” РМК бірқатар басшылары ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлайды.
Ведомоства ақпарына сәйкес, 17 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген шаралар нәтижесінде ҚР Қылмыстық Кодексі 366 бабының 4 тармағына сәйкес қылмыс істеді деген күдікпен “Қазгидромет” РМК-ның бірқатар басшылары тұтқындалған.
“Қазіргі уақытта тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр. Тергеуге қатысты басқа ақпар берілмейді”, – деп түйіндеді ҰҚК.