«Жастар жылында қолжетімді сапалы білім, жұмыс пен баспананың болуы қамтамасыз етіледі»

0
95

Елорда төрінде “Тәуелсіздіктің ұрпақтары” атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. “Нұр Әлем” көрме кешенінде өткен алқалы жиынға президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар қатысты. 

ЭКСПО 2017 көрмесінде өткен Жастар жылының ашылу салтанатында Баян-Өлгейдің тумасы қазақстандық бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да қатысты. Ол құсбегілік өнерде жеткен жетістіктерімен бөлісіп, бүгінгі маңызды шараға қатысқанына қуанышты екенін айтты. Қазіргі таңда “Spectrum” халықаралық мектебінде білім алып жүрген бүркітші қыз Қазақстанда бүркітшілікке баулитын мектеп ашылғанын қалайтыны білдіре отырып мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Баян-Өлгейге қонаққа шақырды.

Айшолпан Нұрғайыпқызы: “Алтайдағы аз қазақтың аманаты бар еді. Сізді Бай өлкеге қонақ болуға шақырамыз. Ақ дастарханнан дәм татып кетсеңіз, алыстағы ағайынның рухы бір жасап қалар еді”

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Жастар жылының ашылуының маңызына тоқтала отырып, бүгінге дейін қолға алған шаралар мен оның жетістіктері туралы тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев: «Жастар, сендер мен айтайын деген негізгі мәселенің барлығын әр салада көтеріп жатырсыңдар. 27 жыл тәуелсіздіктің ішінде көп нәрсе жасадық, көп жеңіске жеттік. Тәуелсіз Қазақстанды орнатып, мемлекетті дүниежүзі картасына қойдық. Бұл ауқымда, бұл шекарада дәл осындай жағдайда Қазақстан еш уақытта болған жоқ. Бұрын дүниежүзі барлығын паш еткен, мойындаған, қадірлеген ел болғанымыз жоқ. Сондықтан, ата-бабымыз арманымызды орындап, біздің бүгінгі тәуелсіздігімізді орнатты»

Қаңтар айының басында іске асырылған Сириядағы қазақстарды елге қайтаруға бағытталған “Жусан операциясы жайында да бір ауыз сөз сөйлеп, отанға оралған балалардың халі туралы да пікір білдірді.

Жақында біздің қақтығыстар аймағынан, террористерден 47 азаматымызды алып шыққанымызға куә болдыңыздар. Бұл – біздің арнайы қызметтеріміздің көрші елдермен бірлесіп жасаған қауіпті операциясы. 47 адамның 30-ы – балалар, олардың әкелері сол жақтағы соғыста қаза тапқан және де әйелдер… Әр адам – өз тағдырының иесі. Оларды алдап, жұмақтағыдай өмір сүресің деп уәде беріп, сол жаққа алып кетті, олар соғысты. Ал енді осы террористерді барлық елдер бомбалап, өлтіріп жатыр. Әрине, солай болары анық. Біздің де қазақстандықтар, жүздеген адам осы құрыққа түсіп қалды. Көбін өлтіріп тастаған. Және де біз осы жұмысты жалғастырамыз. Енді бізге қайтарылған адамдарды бейімдеу керек. Кішкентай балалар біздің ұшақтан түскен кезде шешелерінен «мына жерге бомба түспей ме?» деп сұрайды екен. Туғаннан әбден бомбаға үйреніп қалған ғой

Елбасы Жастар жылының ашылуына орай Қазақстанда жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер салынатынын, 2019 жылды жастар жылы деп бекер атамағанын, алдағы уақытта жастарға қандай қолайлы жағдай жасалатыны туралы да айта кетті.

Біз Жастар жылын жайдан-жай жариялаған жоқпыз. Біз жас қазақстандықтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жастарды қолдауға арналаған қарапайым және  түсінікті құралдарын әзірлеуіміз керек. Бұл дегеніміз 4 нәрсе: қолжетімді сапалы білім, жұмыс пен баспананың болуы, отбасы құруға жағдайдың болуы. Осы төрт нәрсе өте маңызды, бұған жастар мен мемлекет назар аударуы тиіс. Сол себепті Үкіметке, Президент әкімшілігіне келесі шаралармен жұмыс істеуді тапсырамын.

Алматы миллонер қала, енді Астана мен Шымкент қосылды. Кезекте тағы екі қала тұр және біз мұны жасаймыз. Осы үш қалада жұмыс істейтін жастар үшін жылына мыңнан кем емес пәтер салатын боламыз. Бұл пәтерлер жалға берілетін тұрғын үй санатына жатқызылуы тиіс. «7-20-25» бағдарламасы да бұл мәселені шешуге бағытталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз