“Шымбұлақ” тау шаңғы курортының әкімшілігі ақпан айының басында жұмыс кестесі өзгеретіні туралы Facebook парақшасында мәлімдеді.
«Құрметті тауда демалу мен сырғанаушылар! ТЖД бірлесе келесі аптаның соңында оқу-жаттығу өткіземіз. Осыған байланысты жұмыс кестесінің өзгергенін хабарлаймыз: 1 ақпанда 8:30-дан 14:00-ге дейін; 2 ақпанда курорт жұмыс істемейді; 3 ақпан күнгі кесте белгісіз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет!”, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, “Шымбұлақ” әлемдегі бюджетті тау шаңғысы курорттарының ондығына кірген. Сарапшылардың есептеуінше, курортта бір адамға демалу құны 942 еуро.