“Шымбұлақ” тау шаңғы курорты уақытша жабылады

0
578
"Шымбұлақ" тау демалыс орны. Алматы.

“Шымбұлақ” тау шаңғы курортының әкімшілігі ақпан айының басында жұмыс кестесі өзгеретіні туралы Facebook парақшасында мәлімдеді.  

«Құрметті тауда демалу мен сырғанаушылар! ТЖД бірлесе келесі аптаның соңында оқу-жаттығу өткіземіз. Осыған байланысты жұмыс кестесінің өзгергенін хабарлаймыз: 1 ақпанда 8:30-дан 14:00-ге дейін; 2 ақпанда курорт жұмыс істемейді; 3 ақпан күнгі кесте белгісіз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет!”, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, “Шымбұлақ” әлемдегі бюджетті тау шаңғысы курорттарының ондығына кірген. Сарапшылардың есептеуінше, курортта бір адамға демалу құны 942 еуро.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз