3 қарашаға арналған ауа райы болжамы

0
53

3 қараша еліміздің барлық өңірлерінде жауын жауып, оңтүстік шығыстан соққан желдің әсреі күшейеді, деп хабарлайды Казгидромет.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің ұйытқуы секундына 15-20 метрге дейін жекіп, тұман мен көк тайғақ болады.

Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тұман болады деп күтілуде.

Сондай-ақ Қызылорда, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің ұйытқуы 17-20м/с дейін жетіп көк тайғақ болады.

Ақтөбе облысында күндіз 15-20 м/с дейін жел ұйытқып  кей жерлерде тұман мен көк тайғақ болады.

Павлодар облысында желдің ұйытқуы секундына 15-20 метрге дейін жетіп, тұман мен көк тайғақ күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м / с жетеді.

Сонымен қоса Жамбыл облысында күн күркіреп, тұман түседі. Кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жететін жел күтілуде.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз