Сағынтаев өрттен қаза тапқан балалардың ата-анасына көңіл айтты

0
120

Үкіметтің кезекті отырысы күні кеше қайғылы жағдайда қаза тапқан бес бірдей бүлдіршіннің ата-анасына көңіл айтудан басталды.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев елордада тілсіз жаудан қаза тапқан бес баланың ата-анасына көңіл айтып, Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымовқа істің мән-жайын егжей-тегжейлі анықтауды тапсырды. Сондай-ақ, Астана әкімі Бақыт Сұлтанов өрттен қаза тапқан балалардың ата-анасына материалдық және психологиялық көмек көрсетіліп жатқандығын, жерлеу, ас беру шараларын әкімдік өз жауапкершілігіне алғанын мәлімдеді.

Үкімет отырысында “Отырысты  жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Астанада орын алған қайғылы оқиғадан бастағым келіп отыр. Өрт салдарынан бір үйдің өрімдей 5 баласы қаза болды. Жантүршігерлік жағдай, бір отбасының басына түскен ауыр қайғы. Ай мен күннің аманында бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анасына Құдай күш қуат берсін дейміз. Марқұм болған балалардың ата-анасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», – деді премьер-министр.

Кеше 4 ақпан күні түнде Сарыарқа ауданындағы “Көктал-1” тұрғын үйінде өрт шығып пәтер жанып кеткен болатын. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылыдары дүниеге келген бес бала көз жұмды.

Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымовтың мәлімдемиесіне сай өртенген пәтер маңына шақырылған өрт сөндіру қызметі 7 минутта жеткен. Өрттің шығуына ауа сапасының нашарлауына байланысты жер үйлерде үйді жылыту мақсатында жаққан оттың қауіпсіздік шараларына сай келмеуі себеп болған. Ал балалардың өліміне келсек министр мәліметінде “балалар түнгі уақытта қараусыз қалдырылған”, деп аяқтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз