“Үйдің шатыры құлағанда балалар ес-түссіз жатқан”

0
77
Қазақстан төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Ұқсас тақырып: Астанадағы өрт 5 баланың өмірін қиды

4 ақпан күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Астанада болған төтенше жағдай жөнінде ақпарат берді.

Өртке оранған үй маңында сол отбасының туыстары болған. Олардың айтуынша, түнгі сағат 2-лер шамасында балалар ұйықтап жатқандығын бақылап көрген. Сағат 02:34-те көршілерінен Астананың өрт сөндіру байланыс орталығына хабар келіп түскен.

“Бірден өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жұмылды. Екі минуттан соң барлық жедел қызмет хабардар болды – жедел жәрдем, полиция қызметкерлері. Өрт сөндірушілер 7 минутта барды”, – дейді Ильин.

Сағат 02:45-те өрт сөндіру барысында үйдің ағаштан жасалған бөлігі қираған. Сағат 02:53-те бес баланың мәйіті табылды. Юрий Ильиннің айтуынша, үйдің шатыры құлағанда балалар ес-түссіз жатқан. Сағат 03:06-да өрт ауыздықталып, сағат 03:24-те толықтай сөндірілді.

“Тергеу мәліметінше, балалардың әкесі 1984 жылғы, техникалық қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді. Кешкі уақытта үйде от жаққан. Кейінірек оныжұмыстанжедел шақыртып алған. Ал,анасы сол түні жұмыста түнгі ауысымда болған”, – деді Ильин

Айта кетейік, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Өртке оранған шағын баспанада жапа шеккен отбасы төрт жыл бойы тұрып келген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз