ТЖД Астанада жұмыс күнін қысқартуды ұсынады

0
92
с источника

Астана қаласының Төтенше жағдайлар депортаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыс күнін қысқартуға кеңес береді.

Төтенше жағдайлар депортаментінің хабарламасында “Ауа райының бұзылуы және ауа температурасының күрт төмендеуіне, жазатайым оқиғаларды болдырмауға байланысты Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, кәсіпорын (базарлар, СОО), құрылыс объектілеріне жұмыс күнін қысқартуды ұсынады” , делінген.

Ескерту: Бұл ақпарат қаланың тіршілікпен қамтамасыз ету ұйымдары, атап айтқанда өрт сөндіру қызметі, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдем көрсету қызметі, коммуналдық қызметтеріне қатысты емес.

«Қазгидромет» РММ мәліметі бойынша 6 ақпанда ауа температурасы -30 С, алайда -35 С болып сезіледі, жел екпіні 3 м/с.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз