31 қазанда Қазақстан Республикасының Үкіметі елдегі мерекелі күндердің тізімін бекітті.
2001 жылдың 13 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Ата Заңындағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңының 4 бабына сәйкес ҚР Үкіметі келесі жарлықты қабылдайды деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан Республикасындағы мерекелердің тізімі:
- 10 қаңтар – Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардия күні
- 1 наурыз – Алғыс айту күні
- Наурыз айының екінші сенбісі – Жерді басқару, геодезия және картография күні
- Сәуір айының бірінші жексенбісі – Геологтар күні
- 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні
- 21 сәуір – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі күні
- 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
- 31 мамыр – Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
- Мамыр айының соңғы жексенбісі – Химия өндірісі қызметкерлері күні
- 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
- 5 маусым – Экологтар күні
- 23 маусым – Полиция қызметкерлері күні
- 23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күні
- Маусым айының екінші жексенбісі – Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні
- Маусым айының үшінші жексенбісі – Медициналық қызметкерлер күні
- Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні – ….
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндерді бекіту туралы 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысының толық мәтінін сілтемеден қараңыз.
Сабина Сайлаубай