Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 4910 жеделсатыны тексеруден өткізді. Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде 69 лифт құрылғысын ауыстыру қажеттігі анықталды.
Бұдан бөлек, пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан 2 жеделсаты мен 20 жылдан артық қызмет көрсеткен техникалық жағдайы нашар 67 лифт құрылғысы ауыстыруды талап етеді.
«Жыл аяғына дейін «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасының аясында 69 лифт құрылғысын ауыстыру жоспарланған. 28 жеделсатыны ауыстыру бойынша ЖСҚ дайындалған. Ал 41 лифт бойынша үй тұрғындарымен жиналыс өткізу кестесі құрылған», – деді қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының газ инспекциясы және көтергіш қондырғыларды бақылау бөлімінің бас маманы Еркебұлан Дюсембин.