“ZhasProject” жоба ұсынған жастарға 1 млн теңгеден бөледі

0
142

5 наурыз күні Орталық коммуникациялар қызметінде 2019 жылы жастар корпусын дамыту жобасына байланысты баспасөз брифингі өтті. Бұл туралы KAZAKNEWS тілшісі хабарлады.

Жиынға ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсәриев, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Френсис Ато Браун, Жастар корпусын дамыту жобасының Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким және Жобаларды басқару тобының жетекшісі Гүлмира Ескендірова қатысты.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсәриев.

“Жобаға 3500 қатысушы тартылатын болады және 4 облыс, Астана және Алматы қалаларынан 1100 қатысушылар 1 млн теңге көлемінде қолдауға ие болады”, деді Арын Өрсәриев.

Өз кезегінде ҚР БҒМ Жастар корпусын дамыту жобасының Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким байқау ережелерін түсіндіріп берді.

Жастар корпусын дамыту жобасының Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким.

“Өтінімдер Жастар корпусын дамыту жобасының ресми сайтында 15 наурыз бен 15 сәуір аралығында қабылданады. Мұнда аталған өңірлерде тұратын, 14-29 жас аралығындағы жастардың әлеуметтік жоба-идеялары қабылданады. Оқымайтын және жұмыс істемейтін немесе жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен жастарға басымдық беріледі. Егер қатысушылар өз таңдауына, идеясына сенімді болмаса, немесе бизнес-жоба жазуды, бюджетін белгілеуді білмесе біз аудан орталықтарына барып, семинарлар өткіземіз”, – деді ол.

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Френсис Ато Браун да бұл жобаның жастарға баға жетпес мүмкіндік екендігіне тоқталып, қолдауға әрдайым әзір екендігін айтты.

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Френсис Ато Браун.
Жобаларды басқару тобының жетекшісі Гүлмира Ескендірова.

“Жастар бірігіп, аз дегенде 3, көп дегенде 5 жас бірігіп, бір топқа жиналады, жобаларын жүзеге асырады. Нәтижиесінде 6 ай бойы жасаған жұмыстарын тегін атқарады. Шағын тігін шеберханасын ашып, 6 ай бойы жасаған заттарының барлығын жергілікті қауымдасытыққа тегін таратады. Ағылшын тілін үйрету курстары болса, 6 ай бойы ағылшын тілінен тегін үйретеді”, – деді Гүлмира Ескендірова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 6 айдан кейін олар жобаға қажетті барлық алған заттарын, құралдарын өздеріне қалдырып, кейін өз кәсіптеріне қолдана алады.

Тегін жұмыс жасағандары үшін жастар 40-60 мың теңге мөлшерінде ай сайын шәкіртақы алады.

Abdimanap KENES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз