Қазақстан Орталық Азиядағы және Ауғанстандағы аймақтық бейбітшілік, қауіпсіздік және ынтымақтастық үлгісін қолдайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ-ның қолдауымен Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен орнықты даму жөніндегі Самарқанда өтіп жатқан халықаралық конференция барысында мәлімдеді.
Конференцияға Орталық Азияның ішкі саясат ведомствасы басшыларынан өзге Ауғанстан, Иранның сыртқы істер министрлері, Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Фредерик Могерини, ШЫҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, БҰҰ және басқа да халықаралық құрылымдар, ғалымдар, Ғылыми-өндірістік бірлестіктің секретарит жетекшілері қатысты деп хабарлайды ҚР СІМ.
Сыртқы істер министрінің айтуынша, қауіпсіздік пен тұрақтылық ұлттық және өңірлік деңгейдегі тұрақты дамумен байланысты. Қазақстан бойынша экономикалық және әлеуметтік дамудың тұрақты үлгілері, тұрақты саяси құрылымдар терроризм мен экстремизм, заңсыз есірткі тасымалы, ұйымдасқан қылмыс, заңсыз көші-қон, адам саудасы секілді жалпы қауіп-қатерлердің таралуына жол бермейді. Бірлескен өңірлік әдіс табиғи апаттар мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін, соның ішінде Арал теңізінің трагедиясы мен трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мәселелерін шешуге көмектеседі.
«Осыған байланысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың басында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне өзінің саяси жолдауында Орталық Азия мен Ауғанстанда бейбітшілік, қауіпсіздік және ынтымақтастық үшін үлгі аймағын құруды ұсынды, онда сенім мен ынтымақтастық рухы көрші елдер мен аймақтарға таралатын болады», – деп мәлімдеді Қ. Әбдірахманов.
Министр мұндай аймақтың кейбір элементтері, соның ішінде Аралды құтқарудың халықаралық қоры, Ядролық қарудан азат аймақ қызметі, Орталық Азия аймақтық ақпараттық және үйлестіру орталығының қызметі және басқалары аясында ынтымақтастықтың бар екенін атап өтті.
Осыған байланысты Қазақстан қауіпсіздік пен даму арасындағы байланысты («security-development nexus»), аймақтық тәсілдерді және БҰҰ агенттіктерінің және құрылымдарының келісілген күш-жігерін негізге ала отырып, үш қағидаға негізделген жан-жақты тәсілдерді ұсынады.
Сабина Сайлаубай