Астана қоғамдық көліктерінде SMS төлемді қолдану аясы кеңейді

0
232

Астана автобустарында Altel және Tele2 абоненттері жолақыны SMS арқылы төлеу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы “Астана LRT” ЖШС сайты хабарлады.

“Бұрын SMS төлем арқылы жол жүру тек Activ/Kcell, Beeline абоненттері үшін қолжетімді болса, жолаушыларға ыңғайлы болу үшін байланыс операторларының тізімін кеңейттік. Енді Altel және Tele2 абоненттері SMSBUS қызметін пайдалана алады”, – делінген “Астана LRT” ЖШС сайтында.

Естеріңізге сала кетейік, жолақысын SMS арқылы төлеу үшін “2505” қысқа нөміріне автобустың кодын жіберу керек. Тиісті кодты автобус салонындағы жапсырмалардан табуға болады. Жолаушының телефонына SMS-пен электрондық чек келеді.

SMSBUS қызметі арқылы төленген жағдайда жолақысы 90 теңге.

Айта кетейік, бүгінде елорданың қоғамдық көліктерінде жолақы төлеудің бірнеше түрі бар. Олардың ең кең тарағаны – электрондық карталар. Төлемнің бұл әдісін жолаушылардың 93% пайдаланады.

Сондай-ақ QR-кодты сканерлеу арқылы төмендегі мобильдік қосымшалар көмегімен төлеуге болады:

1) Homebank (HalykBank және Qazkom карталары арқылы ғана).

2) SMSBUS (телефондағы бірлік немесе банк картасы арқылы төлеуге болады; кез келген банк картасын байланыстыруға мүмкіндік бар).

3) My Beeline (Beeline абоненттері үшін қолайлы. Жолақысы телефон бірлігінен төленеді).

4) OYBY (банк картасымен төлеу. Кез келген банк картасын байланыстыруға мүмкіндік бар. OYBY үшін автобус салонында жеке QR-код жапсырмалары жазулы).

5)  SENIM мобильдік қосымшасы. Жолақыны кез келген банк карточкасынан төлеуге болады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз