Қазақстан 2018 жылдың қорытындысы бойынша ауаның ластану көрсеткіші жоғары жиырма мемлекеттің қатарына енді. Рейтингті Швейцарияда орналасқан AirVisual компаниясы түзген.
Тізім авторлары РМ2.5 зиянды заттардың орташа концентрациясын әлемнің 73 мемлекетінде салыстырған. Қазақстан 29,8 µg/m³ көрсеткішімен 20-шы орында тұр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынған қалыпты нормасы 10 μg/m3 құрайды.
Орталық Азия елдері ішінен бұл қатарда тек Өзбекстан ғана бар, көршілес Өзбекстан 16 орында тұр. Ресей 58-ші орында, Украина – 49-шы.
Ең таза ауа – Исландияда (5 μg/m3). Бестікті Финляндия,Аустралия, Эстония және Швейция түйіндеді. Антирейтингте көш бастаған – Бангладеш (97,1 μg/m3). Ауаның жоғары ластану көрсеткіші – Пәкістанда, Үндістанда, Ауғанстанда, Бахрейнде.