14-16 қарашаға арналған ауа райы болжамы

0
64

Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжыған атмосфералық фронттардың әсерінен Республиканың кей жерлерінде қарға ұласқан жауын жауып, тұман мен көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тропосфералық ауа ағыны негізінен батыстық бағытқа ие болғандықтан, температураның айтарлықтай өзгеруі байқалмайды, ол аталған аралық үшін 2-5 градус қалыпты күйден жоғары болады.

14 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Сондай-ақ Қызылорда облысының кей жерлерінде де 14-16 қарашада тұман түседі деп болжануда.

Алдағы үш күнде Елдің солтүстік өңірлерінде боран болады деп күтілуде.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз