Бүгіннің басты мәселесі – баспана

0
172

Қазіргі таңда қазақстандықтар үшін «баспана» мәселесі басты тақырыпқа айналды. Баспанаға мұқтаж азаматтарды қамтамасыз ету алғаш рет 2005 жылдан бастап қолға алына бастады. Әйтсе де халық саны ұдайы өсіп отырғандықтан салынып жатқан үймен қоса тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың саны да артып келеді.

Ресми деректерге сүйенсек қазіргі таңда статистика бойынша елімізде 2 млн 300 мың адам баспанаға мұқтаж. Елорда тұрғындарының ішінде 40 мыңнан астам отбасы тұрғын үй кезегіне тіркелген. Республика бойынша жер кезегінде тұрған 1 млн 300 мың адамның 100 мыңға жуығы Астана қаласының тұрғындары.

«Казжилстрой-Кооперация» кооперативінің мәліметінше мектеп пен аурухана қызметкерлерінің 65-70%- жалдамалы пәтерлерге орналасқан. Бұл бір ғана жалақыға жалданып өмір сүретін мұғалімдер мен дәрігерлердің 2/3 баспанасыз деген сөз.

Қазіргі таңда халықтың баспанаға қол жеткізуінің екі үш қана жолы бар дейді  мамандар. Алғашқысы; тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар мен кооперация болса, екіншісі; әкімшілік арқылы пәтер немесе жердің кезегіне тұру арқылы, үшіншісі; бастапқы жарна жинап, содан кейін ғана екінші деңгейдегі банктерден несие рәсімдеу.

Республикада былтырғы жылмен салыстырғанда рекордтық он миллион шаршы метрлік тұрғын үй пайдалануға берілген. Десек те салынып жатқан құрылыс қарқыны елдің мұқтажын жауып үлгермеуде.

Otyrar.kz ақпараттық агенттігінің мәліметінше 2016 жылы тек ОҚО 242 үй салынып, 131 баспана пайдалануға берілген болса, алдағы бес жылда 47мың 619 азамат баспанамен қамтылмақ дейді…

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз